Алматы облысының әкімінің "Көшбасшы — 2021" жастар сыйлығы салтанатты түрде табысталды

Алматы облысының әкімінің "Көшбасшы — 2021" жастар сыйлығы салтанатты түрде табысталды

Облыс орталығы Талдықорған қаласында 29-қараша күні, Алматы облысының әкімінің "Көшбасшы — 2021" жастар сыйлығы салтанатты түрде табысталды. Аталған мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Алматы облысы бойынша әр салада сапалы қызмет етіп, мерейі үстем болып, жастар көшін бастаған жандарға, жалпы саны 20 номинация табысталды. Ақшалай сыйлық қоры 250 000 теңгені құрады. Кеген ауданы, Қарқара ауылынан Тәтібаев Жанат Әріпжанұлы "Үздік жас кәсіпкер" номинациясының иегері атанды. Ел көшін өрге сүйрейтін жастарға, алдағы істеріне сәттілік тілей отырып, марапаттарымен құттықтаймыз! Қуанышты сәттер мен жеңісті күндер көп болсын!