
Тұйық ауылы тұрғындары ауыз сумен қамтылды.
2020 жылы Тұйық ауылының ауыз су құбыры жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңында пайдалануға берілген. Кепілдік мерзімі уақытында Мердігер "Риголит" мекемесінің басшысы облыстық мәслихат депутаты С.Сәрсеков өз қаражатына 1 шақырым құбыр тартып, қосымша су көзін қосып берді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудан басшылары ауыз су мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл ақсақалдары жұмыстың сапасына риза болып, баталарын берді. Бүгінде ауыл тұрғындары су құбырының игілігін көріп, ризашылығын білдіруде.