"Халықтық" атағы бар және жаңадан құрылған театрлар арасындағы байқау фестивалі өз мәресіне жетті

"Халықтық"  атағы бар және жаңадан құрылған театрлар арасындағы байқау фестивалі өз мәресіне жетті

"Халықтық"атағы бар және жаңадан құрылған театрлар арасындағы байқау фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл фестивальге облыс бойынша 22 театр қатысып қорытындысы анықталды.Осы байқау-фестивальге 50 жылдан астам тарихы бар, Кеген "Халық" театры да қатысып, жүлделі 3-орынды иеленіп, 100 мың теңгенің сертификатын алды.Байқау қорытындысында алғашқы сөз алған Алматы облысының мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Мәрлен Қапашұлы барлық қатысушы театрларға сәттілік тілеп, Кеген "Халық" театрының режиссері,Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Көксу, Райымбек, Кеген аудандарының Құрметті азаматы,қазақ театрының анасы Таласбаева Нағима Бейсекқызының иығына шапан жауып, 100 мың теңгенің сертификатын табыстап үлкен көрегендік танытты.Осы шараны ұйымдастырған Алматы облысының мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Мәрлен Қапашұлына, Алматы облысының шығармашылық орталығының директоры Доланқаранов Ермек Әбілқасымұлына үлкен ризашығымызды білдіремін.Осы байқауға баруға рухани қолдау көрсеткен Кеген ауданының әкімі, мәдениет жанашыры Байедилов Талғат Ескендірұлына алғысымыз шексіз.Сондай-ақ, осы байқауға қатысып үлкен өнер өрнегін көрсеткен Кеген "Халық" театрының ұжымына алғыс білдіремін. Кеген "Халық" театрының әртісі Ақмарал Сүлеймен "Үздік театр әртісі" номинациясымен марапатталды. Жүлделеріңіз құтты болсын,құрметті әріптестер!