
Кеген ауданы облыстық форумда 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылғы 24 қараша күні Талдықорған қаласында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ауылым – алтын қазынам» атты форумы болып өтті. Форумның мақсаты: Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер» «100 жаңа есім» және т.б. бағдарламаларды жүзеге асыру. Аталған форумда Кеген ауданы 3 дәрежелі Дипломмен марапатталды. Бұл марапат - Кеген ауданының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұжымының жыл бойы атқарып келеген ауқымды жұмыстарының игі нәтижесі. Сонымен қатар, бұл жетістіктеріміз – ауданымыздың Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойына жасаған толымды тартуы екені анық. Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті әріптестер! Алдағы уақытта да сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.