Бауыржан Тәліптің құрметіне 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында Алматы облысының ашық біріншілігі өтті

Бауыржан Тәліптің құрметіне 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында Алматы облысының ашық біріншілігі  өтті

Бауыржан Тәліптің құрметіне 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында Алматы облысының ашық біріншілігі өтті.
Кеген ауданының орталығындағы спорттық-сауықтыру кешенінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Кеген ауылының біртуар перзенті, Қазақ күресінен 2 дүркін Әлем, 3 дүркін Азия чемпионы Бауыржан Тәліптің құрметіне 2009-2010 жылғы жасөспірім палуандар арасында Алматы облысының ашық біріншілігі басталды. Біріншілікке Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларынан, Түркістан, Қызылорда облысынан және Алматы облысының барлық аудандарынан жасөспірім палуандар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына Кеген ауданының әкімі Талғат Байедилов қатысып, жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік тіледі.
Калың көпшіліктің алдында Бауыржан Тәліптей алтын ұлдарына Кеген ауданының Құрметті азаматының төсбелгісін тақты. "Спорт жұлдыздары" журналының шеф редакторы Жандос Аянбек те лайықты құрметін көрестті. Салтанатты сәтте Бауыржанға Кеген ауылының 1979 жылғы түлектері және "Жерұйық Кеген жастары" атынан сый-сияпат жасалды. Ауданның спортын дамытуға елеулі үлестерін қосып келе жатқан бір топ азаматтар аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.