Кәсіпкерлікті дамыту

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдық жердегі кәсіпкерлерді қолдау жергілікті халық үшін де, мемлекет үшін де маңызды. Себебі, ауыл шаруашылығы – ел экономикасының күре тамыры. Кәсіпкерлікті дамыту түсінігінде қаржыландыру ұғымы қатар жүреді. Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «...Жалпы сомасы 6,3 триллион теңге жұмсалған дағдарысқа қарсы шаралар жүзеге асырылғаннан кейін экономикамызда артық ақша пайда болды. Алайда, бүгінгі таңда бөлінген қаржы әлі бармай жатқан салалар бар. Екінші деңгейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайды.
Сондықтан, микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі», - деген еді. Расында да, микроқаржы ұйымдарының басты мақсатының бірі – ауыл халқын, ауылдағы кәсіпкерлерді қаржыландыру. Мысал ретінде, Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы KMF туралы айтуға болады. Нарыққа 24 жыл бұрын келген бұл ұйымның жалпы кредит портфелінің 130 миллиард теңгеден астамы кәсіпкерлерге берілген. Ал, жалпы клиенттерінің 68 пайызы – ауыл адамдары. Сонымен қатар, KMF-тің қаржыландыруымен кәсібін дөңгелеткен іскер отандастырымыз 183 мыңнан аса жұмыс орынын ашса, 90 мыңнан аса адамның кіріс көзі бүгінде мал шаруашылығы мен егіншілікте. Күні кеше осы KMF өкілдері мен Кеген аудандық әкімдігі қызметкерлерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету, қаржы сауаттылығын арттыру шараларын ұйымдастыру жайттары талқыланды. KMF мамандары ұсынған деректерге сәйкес, Кеген ауданының бұл ұйымдағы кредиттік портфелі – 1 млрд 809 млн. теңге. Бұл соманың 92 пайызы (2353 адам) агроға, 7 пайызы (181 адам) бизнесін дамытуға және 1 пайызы (27 адам) тұтынушылық мақсатқа берілген.