
Аудан әкімі Т.Байедилов Бөлексаз ауылының ауыз су жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Жалпы жұмыс барысы 2020 жылы басталып, 2021 жылдың желтоқсан айына толық аяқталу жоспарлануда. Мердігер «Данекер» ЖШС басшысына бірнеше ескерту айтылып, кемшіліктерді қалпына тез арада келтіруді талап етті. Бүгінгі күні ауыл ішіне 7,6 шақырымға ауыз су тартылып, толық аяқталды. Аудан әкімі ауыл халқына әр үйге ауыз су қосуларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер жасалды. Жыл соңына дейін ауыз сумен толық қамтамасыз етілетін болады.