
Аудан әкімі Т. Байедилов статистика саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Жалпы алғанда, статистика Үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын белгілеуде де аталған саланың рөлі зор.Кеген ауданы бойынша статистика саласында үш адам қызмет атқарады. Халық санағына 38 адам жұмыспен қамтылды. Қазақстан Республикасының гүлденіп, дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосып келеді.
Сіздердің күнделікті тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз біздің аймақтың тұрақты дамуының кепілі. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, денсаулық, бақыт, табыс және тәуелсіз Қазақстанның болашағы мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосатын кәсіби саладағы зор табысқа жете берулеріңізге тілектеспіз.