
Аудан әкімі Т.Байедилов Жалаңаш ауылындағы Ж. Ермегияев атындағы орта мектепті қайта жаңғырту жұмыстарын (реконструкция) жүргізу үшін құрылыс жұмыстарын тексерді. Тапсырыс беруші «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі. «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін Бас мердігер «Құрылысшы-ТБС» ЖШС 2021 жылдың қазан айынан бастап құрылыс жұмыстары өтпелі кезеңмен басталды. Аудан басшысы жұмыс кестесіне сәйкес құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды.