
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің іс-шарасы болып өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылдың 20 қазанындағы Жарлығымен қазанның соңғы сенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Осы орайда ағымдығы жылдың 02 қараша күні сағат 15.00-де Кеген ауылындағы Мәдениет үйінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізіледі. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Талғат Ескендірұлы, Аудан әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлы мен мекеме басшылары, жұмыспен қамту орталығының мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер және басқа да қонақтар шақырылады.
Іс-шарада Халықты әлеуметтік қорғау саласына зор үлес қосып, көп жылғы адал еңбегі үшін Алматы облысының әкімі А. Ғ. Баталовтың құрмет грамотасымен Кеген ауданнының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы Оразова Бибігүл Айтжанқызы марапатталды, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің “Үздік халықты жұмыспен қамту орталығы” және 200 000 теңге сертификаты “Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-нің директоры Мәсімбаев Біләл Әукенұлына табысталды. Аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, “Nur-Otan”партиясы Кеген аудандық филиалының Алғыс хаттарымен және Кеген аудандық кәсіподақтар қоғамдық бірлестігінің мадақтамасымен Кеген ауданнының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мамандары мен әлеуметтік қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының мамандары марапатталалып, құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар, үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларының қолөнер көрмесі де ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасты.