
Ауданда 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткен 2021 жылғы Үшінші ұлттық халық санағы жүргізілді. 31 қазан мен 8 қараша аралығында бақылау таңдамалы аралау кезеңі басталды.
1 қарашадағы жағдай бойынша халық санағы 32 891 адамды немесе аудан халқының 107,7 %-ын қамтыды. Кеген ауданы бойынша 14 670 адам онлайн және 18 221 адам офлайн форматта өтіп 107,7 пайызды құрады.
Халық санағы 2020 жылғы Дүниежүзілік халық және тұрғын үй қорының аясында өткізілуде. 2021 жылы Қазақстанмен қатар тағы 60 мемлекет халық санағынан өтті.
30 күн бойы ауданның елді мекендерінде 30 санақ сұхбатшылары күн сайын белгіленген әдістеме бойынша өз учаскелерін аралады, алайда кейбір тұрғындармен санақ қызметкерлері кездесуге мүмкіндіктері болмай, олар бір үйге бірнеше рет келуге мәжбүр болды.
Қәзіргі таңда санақтан уақтылы өтпеген тұрғындардың басым бөлігі белсенділік танытып, азаматтық борышын өтеп, өз бетінше өтіп жатыр, өйткені www sanaq.gov.kz cайты бақылау кезеңінің соңына дейін жұмыс істейді, санақтан өте алмаған тұрғындар Еgov электронды үкімет порталындағы сілтеме бойынша және «Айту» мобильді қосымшасын пайдаланып өте алады. Қазақстан Республикасының заңнамасында бастапқы статистикалық деректерді, оның ішінде халық санағы кезінде ұсынбағаны үшін жауапкершілік көзделген. Бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстан Республикасында бұл норма «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында жазылған.
Санақ халықты қарапауым санау емес, санақ сауалнамасына көптеген аспектілер енгізілген. Қазақстанда халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізілетіндіктен, алынған мәліметтерді көптеген мекемелер алдағы он жыл ішінде өз қызметінде ақпарат ретінде пайдаланатын болады. Тұрғындар енгізген көрсеткіштер негізінде мемлекет халықтың сандық құрамын да анықтайды, ауданның, ауылдың инфрақұрылымының дамуын болжайды және жоспарлайды. Халық санының өсуі байқалатын елді мекенде қосымша мектептер, ауруханалар, перзентханалар, кәсіпорындар салу жоспарланады.
Халық санағы аяқталғаннан кейін осы аптада инструктор- бақылаушылар интервьюерлермен бірлесе отырып, әрбір есептік учаскелердің 10 пайызын қамтитын тұрғын үйлердегі респонденттерге сауалнама жүргізеді. Бұл кезең 8 қарашаға дейін жалғасады және 2021 жылғы халық санағы кезінде халықты тіркеудің толықтығын және деректер сапасының дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады, сұхбатшылардың әрбір тұрғын үйге барғанын және сауалнаманың барлық тұрғындар үшін толтырылғанына сенімді қамтамасыз етеді