Құттықтау

Құттықтау

Құрметті Кеген ауданының тұрғындары!

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймын!
Тамыздың 30-ында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді.
Осындай аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді.
Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі.
Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
Осы мереке күні елімізге азаматтық көзқарас еркіндігін таңдау мүмкіндігін және бейбіт өмірді тілеймін.
Отбасыларыңызға аман-саулық, бақыт, түсінушілік, сенім және Отанымыз Қазақстан Республикасына жарық, жақсы болашақ тілеймін! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.