
«ТАЗА АЙМАҚ» акциясы болып өтті
ҚР Конститутциясы күніне орай, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, қоғамдық жұмыстың ерікті жастарының қатысуымен «Таза аймақ» акциясы болып өтті. Акция барысында Кеген-Алматы тас жолы бойындағы Шарын өзенінің көпірі маңайы қоқыстардан тазартылып, күл қоқыстар тиісті орынға төгілді. Шара жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, айналамызды көгалдандыруға бағытталды.
Бізді қоршаған орта бәріміздің ортақ үйіміз. Мұны көңілі ояу, көкірегі терең әрбір ауданымыздың жастары жақсы білуі тиіс. Тазалық – тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі, дамудың тетігі. Біле білгенге, тазалық – мәдениеттілік өлшемі іспетті. Акцияға қатысушы әрбір жас табиғатты көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын үзіліссіз жүргізгенде ғана айналамыздың жасыл желекке оранатынына, таза мекенге айналатынына көздері жетті.