Алматы облысында тұңғыш рет эко-еріктілердің қатысуымен ауқымды науқан өтті.
Солтүстік Тянь-Шянь тауларының алқасы болған «Көлсай» көлі мен жаратылысы тым ерек, өзіне тән маңғаздығы маужыраған жанды жадырататын «Қайыңды» көлінің маңайында сенбілік жұмыстары өткізілді.
Акцияға 80-нен астам адам қатысты. Оның 50-ден астамы жас еріктілер. Жылына мыңдаған турист келетін өлкенің бет-бедері мінсіз болуы тиіс. Жаратушының жұмыр басты пендеге тарту еткен сыйының келбетіне нұқсан келмеуіне өлкенің жас жеткіншектері өз үлестерін қосуда. Сол үшінде, Аспантаудың асқарында екі күнге бас қосты.
Саф ауасы, мөлдір суы, қиялай өскен аршасы келген көптің көңілінен шығатыны анық. Тек, әттеген-ай дейтін тұсы тағы бар. Ол әсем мекеннің сұлулығына сызат түсіретін қоқыстар. Эко-еріктілердің бастамасымен өткен акцияның мақсаты, айналаны артық қалдықтан тазарту. Осы әрекеті арқылы келуші жұрттың ішкі мәдениетін көтеру.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «KazEcoPatrol» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «KazEcoPatrolJunior-дың» Ескелді, Іле, Кеген аудандары мен Талдықорған қаласындағы бөлімшелерінің