Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және Алматы облысы әкімі аппараты, Кеген ауданы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" қызметі бойынша 300-ші және "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" қызметі бойынша 100-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Департамент АДГС по Алматинской области