"Қайда? Қашан? Не ол?" атты BRAIN RING зияткерлік ойыны өтті

"Қайда? Қашан? Не ол?" атты BRAIN RING   зияткерлік ойыны өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «23-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңына орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен 15.06.2021 жылы Кеген ауданында «Қайда? Қашан? Не ол?» атты BRAIN RING зияткерлік ойыны өткізілді.
ІІ кезеңнен тұратын зияткерлік ойын Аудан және облыс көлемінде өткізілуде.
Зияткерлік ойынға мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерден 4 команда құрылып, сайысқа түсті. Ішінен топ жарып 1 орынға ие болған Кеген ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бөлімі» ММ-нің командасы келесі 2-ші кезеңге өтіп, облыстық деңгейде қатысуға жолдама алды.
BRAIN RING зияткерлік ойынына қатысқан барлық 4 команда арнайы сыйлықтармен марапатталды.