Облыстық құлақтандыру жүйесін тексеру!

Облыстық құлақтандыру жүйесін тексеру!

Құрметті Кеген ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кеген ауданының ТЖБ 2021 жылғы 1 маусымында 12 сағат 55 минутта облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар 30 секундқа қосылатынын хабарлайды. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар Кеген ауданының ТЖБ Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алғанда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
- радио және теледидарды қосыңыз;
- шұғыл хабарды тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
- көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.