Өрт қауіпті кезеңдегі рейдтік іс-шаралар

Өрт қауіпті кезеңдегі рейдтік іс-шаралар

Өрт қауіпті кезеңде өрттердің алдын алу мақсатында Кеген ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, егіс жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Өткізілген іс-шаралар барысында егіс науқанына тартылған қызметкерлермен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жаднамалар мен нұсқаулықтар тапсырумен нұсқаулық жүргізіледі. Сонымен қатар, іске қосылған техникада ұшқын сөндіргіштердің, өрт сөндіргіштердің және т. б. болуын тексеру жүргізіледі.

Рейд нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің жануы, бақыланбайтын өртеулер тіркелмеген.

Кеген ауданының ТЖ бөлімі кәсіпорын басшылары мен жұмыскерлеріне егіс жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді!

Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда дереу  "101" және "112" телефондары арқылы хабарласу керек.