
От аяусыз және қатігез. Бұл туралы әсіресе, жаздың ыстық күндері ұмытпаған жөн. Құрғақ және желді климат, шөптесін өсінділердің көп болуы, Қазақстанның көптеген аймақтарына тән құбылыс, үлкен аймақта дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады. Алматы облысы да осындай аймақтардың бірі, себебі табиғаты бай, әдемі, көркем жерлері көп. Бай, орманды және далалы алқаптардың, шабындық жерлердің және жайылымдардың ондаған және жүздеген гектарлардың жануы, өкінішке орай адамдардың кінәсінен болып жатады.
Орман (шымтезек) өртінің пайда болуының белгісі болып: тұрақты күйіктің иісі, тұман тәрізді түтін, құстар, жануарлардың тынышсыздығы, көкжиектегі түнгі шапақ табылады.
Үлкен емес орман өртін қалай сөндіруге болады?
- желдің бағыты және өрттің таралу жылдамдығын анықтаңыз;
- өрт туралы тұрғындарға ескерту, көмекке шақыру үшін жақын жатқан ауылға хабаршыны жіберіңіз;
- отты жермен көміп, үстіне су құйыңыз;
- 1,5-2 метрлі бұтақтар шоғымен және дымқыл киіммен отты жерге енгізе жайпап, жоқ қылыңыз;
- кішігірім отты таптап тастаңыз;
- өртті сөндіріп, кетуге асықпаңыз, қайта тұтанып кетпеуіне көз жеткізіңіз.
Егер сіз өрт аймағында болсаңыз:
- егер өртті өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, өрттің таралу бағытын және шығу бағдарын анықтау қажет;
- мүмкіндігінше, өзеннің басқа жағалауына шығуға тырысыңыз, суға түсіңіз;
- орманда қатты түтіндеген кезде еңкейіп, мұрныңызды және аузыңызды дымқыл шүберекпен (жеңмен, киім етегімен) жауып жылжыңыз;
- ескергеніңіз жөн, аса қауіпті құлайын деп тұрған ағаштар туғызуы мүмкін;
- қауіпті аймақтан жел жаққа (желге қарсы) перпендикулярлы өрттің жиегіне шығу;
- егер шымтезек алаңы (батпақ) жанып жатса, өз бетіңізбен сөндіруге тырыспаңыз – бұл қауіпті: қаданы жерге қадап желге қарсы бағыттаңыз, себебі шымтезек жанып кетіп қуыстық пайда болады, оған түсіп кетуіңіз әбден мүмкін;
- өрт туралы құтқару қызметіне «101, 112» нөмірі арқылы хабарласыңыз.
Орманда тыйым салынады:
- жанып жатқан сіріңке, темекі тұқылын тастауға;
- тез тұтанғыш және әлсіз жанғыш материалдан оқ тығынын қолдануға;
- майланған немесе жанғыш заттар сіңірген материалдарды қалдыруға;
- отынмен бактарды толтыруға, көлік жанында темекі шегуге;
- отты тұтандыруға, шөптерді өртеуге;
- тамызғыш линзалар бола алатын бөтелкелер, сынған әйнектер тастауға;
Кеген ауданының ТЖБ қызметкерлері Сіздерден табиғатта демалған кезде осы қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызы сұрайды, сонда ғана мүмкін біз сіздермен біздің орманды алқаптарымызды өрттен сақтап қаламыз.