\uD83D\uDD11Egov.kz арқылы
\uD83D\uDCCCПорталға кіріңіз
\uD83D\uDCCCІздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табыңыз
\uD83D\uDCCCҚызметке онлайн тапсырыс беріңіз
\uD83D\uDCCCӨтініш берушіні таңдаңыз
\uD83D\uDCCCТұрғын үй туралы мәліметтерді толық толтырып шығыңыз
\uD83D\uDCCCЕкінші қадамда портал жер учаскесі туралы мәліметтерді сұрайды, көрсетіңіз
\uD83D\uDCCCҚызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз
\uD83D\uDCCCТөртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет
☝️Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесінің актісінің скан көшірмелер қажет болады. Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбіртегінің де скан көшірмесін жүктейсіз.
\uD83D\uDD11ХҚО арқылы
\uD83D\uDCCCАлдымен кез келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
\uD83D\uDCCCТіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
\uD83D\uDCCCОператорға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті
☝️Ескерту, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растаулары керек.
⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 3 жұмыс күні
\uD83D\uDCB0Қызмет құны - 2404,98 теңге.