Қайырлы күн оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт:
\uD83D\uDCCCАлдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
\uD83D\uDCCCТіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
\uD83D\uDCCCОператорға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз
\uD83D\uDCCDҚандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:
\uD83D\uDCCEЕркін түрде жазылған өмірбаян
\uD83D\uDCCEОтбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті
\uD83D\uDCCEМәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі
\uD83D\uDCCD Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
\uD83D\uDCCEҚазақстан аумағында тұруға ықтиярхат
\uD83D\uDCCE Өтініш беріледі
\uD83D\uDCDAМәртебе мерзімі:
\uD83D\uDD50 Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.
\uD83D\uDD55 Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.
⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
✔️Мәртебені алу – 15 жұмыс күні
✔️Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні
☝️Ескерту!
Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.