Егер сіз бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған болсаңыз, онда жәрдемақы рәсімдеуге толық құқылысыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарымызда бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу жолын көрсетпекпіз

Егер сіз бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған болсаңыз, онда жәрдемақы рәсімдеуге толық құқылысыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарымызда бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу жолын көрсетпекпіз

\uD83D\uDCCCТіркелген жеріңіз бойынша ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
\uD83D\uDCCCТіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз
\uD83D\uDCCCОператорға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:
\uD83D\uDCCEҚызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері
\uD83D\uDCCEЕгер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары
\uD83D\uDCCEЕгер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты
\uD83D\uDCCEЕгер оралман мәртебесі бар болса, онда оны растайтын құжат
\uD83D\uDCCEҚызмет алушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат
\uD83D\uDCCEМүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы
\uD83D\uDCCEЖәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы
\uD83D\uDCCEБайқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы

\uD83D\uDCCDХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін,  I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет.
⏰Қызмет көрсету уақыты – құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 7 жұмыс күні
☝️Ескерту, құжаттарды толықтыру немесе басқа да өзгерістерге байланысты жәрдемақы тағайындау уақыты 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін
\uD83D\uDCB0Жәрдемақы мөлшері – 45736 теңге
☝️Ескерту, бұл жәрдемақы, I топтағы мүгедектігі бар кәмелет жасына толған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілеріне тағайындалады.