
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.
Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.
Жоба мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
«Сервистік әкімдікте» 5 маман мемлекеттік қызмет көрсетеді, «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ, «Кеген ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КМК, «Кеген ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ «Кеген ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ саласында 29 Мемлекеттік қызмет түрлері қолжетімді.
«Сервистік әкімдік» жобасының қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру, бұл өз кезегінде қызмет алушылардың уақытын, күш-жігерін, қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Себебі бұрын тұрғындарға қызмет алу үшін елді-мекеннің түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерге бару қажет болатын.
Сонымен қатар, «Сервистік әкімдік» тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасау, дер кезінде азаматтардың сұраныстары мен сұрақтарына жауап беру мүмкіндігін береді.
Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тиісті шараларды қабылдау үшін, қызмет алушылармен кері байланысты орнатады.
Оған қоса, «Сервистік әкімдік» ғимаратында барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Күту залында ыңғайлы орындықтар, кондицинер, суға арналған диспенсер мен ақпараттық теледидар орнатылған.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыш ұйымдастырылған. Мүгедектер үшін шақыру қоңырауы, пандус, киім шешетін орын, брайль шрифтінде жазылған тақталар бар.
«Сервистік әкімдік» жобасы Президентпен қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Жалпы бұл Алматы облысында ашылып жатқан 18-ші «Сервистік әкімдік».