Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару

Өз баспанаңыздың тіркеу есебінен, баспана қожайыны ретінде, кез-келген адамды тіркеуден шығара алатыныңызды білесіз бе? Бүгін біз парақшамыздың #oqy&toqy айдарында оның екі жолын көрсететін боламыз.
\uD83D\uDCCDБіріншісі Egov.kz порталы арқылы:
\uD83D\uDCCCПорталға кіріңіз;
\uD83D\uDCCCІздеу жолы арқылы «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін табыңыз;
\uD83D\uDCCCҚызметті онлайн сұратыңыз;
\uD83D\uDCCCПортал сұратқан мекенжай туралы мәліметтерді толтырыңыз;
\uD83D\uDCCCПортал тіркелген азаматтар тізімін шығарады. Қажетті азаматты "алып тастау" батырмасын басу  арқылы көрсетіңіз;
\uD83D\uDCCCЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
\uD83D\uDCCCТұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар өз тарапынан жеке кабинетінде келісімін беруі қажет;
\uD83D\uDCCCҚызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден білесіз.

☝️Ескерту, өтініш беруші мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы қажет.

\uD83D\uDCCDЕкіншісі ХҚО арқылы:
\uD83D\uDCCCХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
\uD83D\uDCCCТағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
\uD83D\uDCCCОператорға есептен шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін беру ақылы қызметке өтініш беріңіз;
\uD83D\uDCCCҚызмет нәтижесі 5 минутта дайын болады.

☝️Ескерту, ХҚО арқылы рәсімдеген кезде тіркеуден шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін алдын ала білгеніңіз абзал. Білмесеңіз, бұны Egov.kz порталы арқылы жеке кабинетіңізден тіркелгендер тізімін тексеру арқылы білуге болады.

Іске сәт. Қызметтерді үйде отырып, онлайн рәсімдеңіз!