Дауылды ескерту!

Дауылды ескерту!

"Қазгидромет" РМК ұсынған Алматы облысы бойынша қысқа мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, 2020 жылғы 28-29 қазанда Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, күші 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 0-ден 5 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 2-тен 7 градусқа дейін үсік жүреді.
Осыған байланысты, сіздер осы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға жеткізулеріңіз және аудан (қала) тұрғындарын күтілетін ауа райы жағдайлары туралы хабардар етулеріңіз, сондай-ақ қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін Азаматтарға мынадай мазмұндағы ұсыныстарды жеткізулеріңіз қажет: азаматтарға автокөлікпен жолға шығар алдында ауа райы жағдайлары мен дауылды ескертулерге назар аудару, жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру және машинада күрек пен балта, жылы киімдер, сіріңкелер мен шырақтар, азық-түлік және ЖЖМ қоры, құралдар, алғашқы медициналық көмек жинағы және зарядталған ұялы телефон болу қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.