Естеріңізде болса жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуді бұрын тек нотариустар арқылы ғана жасап жататынбыз. Қазір бұл қызметті ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады. Сондықтан біз бүгінгі #oqy&toqy айдарымызда жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметін алудың жолын үйрететін боламыз.
Ең алдымен ХҚО-ға кезекті брондаңыз;
Брон уақытына сәйкес ХҚО тіркеу бөліміне барып талон алыңыз;
Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;
Реттеу залына өтіп қажетті операторға құжаттарыңызды ұсыныңыз.
ХҚО-ға келесі құжаттарды ала баруыңыз керек:
Жылжымайтын мүліктің меншік құжаттары;
Жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты;
Жер телімі болса, оның сәйкестендіру нөмірі;
Жылжымайтын мүлікке құқылы азаматтардың нотариалды заңдастырылған келісімі;
Некеде болсаңыз, жұбайңыздың нотариалды тіркелген келісімі, некеде болмасаңыз - некеге тұрмағандығы жайлы нотариалдық құжат;
Егер сатушы кәмелет жасына толмаған іске қабілетсіз азамат болса, онда қамқоршы органның жазбаша келісімі;
Келісім-шартты жасау үшін төленген қаражаттың төлем түбіртегі.
Мемлекеттік БАЖ салығы 1073 теңгені құрайды.
Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Баспана құтты болсын! Іске сәт!