Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын әлеуметтік төлем

Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын әлеуметтік төлем

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетінін білесіз бе? Ол қандай жағдайда төленеді және оған өтінішті қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегідей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз. Аталған жәрдемақыға өтініш берудің бірнеше жолы бар:
Egov.kz порталы арқылы
Порталға кіріп, іздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» деген қызмет атауын теріңіз
Қызметті онлайн сұратыңыз
Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды
Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендігіңізді растаңыз
ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз
Қызметтің нәтижесін жеке қабинетіңізден біле аласыз.
ХҚО арқылы
ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз
ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз
Жұмыспен қамту орталығы арқылы
Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тізімі тапсырылады.
☝️Ескерту, жәрдемақыға өтініш беруші жұмыссыз ретінде тіркелген және бұған дейін ресми жұмыс істеген азамат болуы керек.
Өтініш 8 жұмыс күні ішінде қаралады
Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейін төленуі мүмкін және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады
Жәрдемақы мөлшері азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер негізінде тағайындалады
Іске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз