Аудан әкімі кітапханашылар күнімен құттықтады

Аудан әкімі кітапханашылар күнімен құттықтады

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Кеген ауданының әкімі Т.Байедилов кітапханашылар күнімен ардагер кітапханашы мен кітапхана қызметкерлерін құттықтап, облыстық, аудандық Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.

Кеген аудандық кітапханасы 1928 жылы Қарқара аудандық кітапханасы болып ашылды.

1979 жылы Кеген аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып қайта құрылды.

1997 жылы Райымбек аудандық кітапханасы болып өзгертілді.

«Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 653 Жарлығыга сәйкес Кеген ауданының Райымбек ауданынан бөлініуіне байланысты Кеген ауданы әкімдігінің 19 шілде 2018 жылғы № 50 Қаулысымен «Кеген аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

2019 жылы  Алғабас, Саты,Ұзынбұлақ, Жылысай, Тұйық, Қарабұлақ, Тасашы, Бөлексаз, Қарқара ауылдық округтерінен ауылдық кітапханалар ашылды.

«Кеген аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты 13 кітапхана жұмыс істейді.

Аудан бойынша 2020 жылдың 9 айында  9878 оқырман тартылды.

Аудан бойынша жалпы кітап қоры - 122 602 дана.

Биылғы жылы 2188 дана  жаңа кітап қорымен толықты.