Ауданның 2020 жылғы әлеуметтік– экономикалық дамуының қорытындылары мен 2021 жылға міндеттері туралы аудан әкімі Т.Е.Байедиловтың есепті баяндамасы
Құрметті Амандық Ғаббасұлы!
Құрметті аудан тұрғындары!
Кеген ауданы аумағында 2020 жылы мемлекеттік бағдарламаларды және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауындағы міндеттерді орындай отырып, экономикалық өсімге қол жеткізу және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық шаралар қабылданды.
2020 жыл – елімізде күрделі, қиын, әрі ерекше болды. Дегенмен, қиындықтар мен сынақтарға қарамастан ауданымыз экономикалық дамудың оң динамикасына қол жеткізді.
Бүгін, аудан көлемінде есепті жылы атқарылған жұмыстарға және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында атқарылатын міндеттерге тоқталмақпын.
Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 12 млрд 724 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,9 пайызды құрады. (2019 жылы 12 айда – 12 млрд 435 млн теңге).
2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд 978 млн теңгеге жоспарланды.(+538,0 млн теңге)
Ауылшаруашылық саласының жалпы өнім көлемі 30 млрд 701 млн теңгеге орындалып, нақты көлем индексі- 102,3%-ды құрады. (2019 жылдың 12 айында 28 млрд 843 млн теңге).
2021 жылы ауылшаруашылығы өнімін өндіру 32 млрд 530 млн теңгеге жеткізу жоспарланды. (+ 1 млрд 829 млн теңге)
Себілген 7 140 га күздік және жаздық дәнді дақылдар орылып, қамбаға 11 352 тонна астық жиналды. (гектарына 15,9 центнер)
2 465 га жерге картоп себіліп, 45 667 тонна өнім алынды (гектарына 188 центнер),
271 га отырғызылған көкөністен 7 079 тонна (гектарына 255 центнер), өнім жиналды.
19 575 га жерден 145 256 тн мал азығы дайындалды. (Күзгі дала жұмыстарына арзандатылған 300 тонна дизельді отыны бөлініп пайдаланылды).
Ауылшаруашылық тауар өндірушілері 185 млн теңгеге - 62 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.
Ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында игерілмей жатқан 11 274 га жер анықталып, ауданның жер қорына 318 га жер қайтарылды (200 га жайылымдық, 100 га егістік, 18 га шабындық).
Қалған 10 956 га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруға жұмыстар жүргізілуде, 7516,9 га (оның–5436,34 га егістік жер) жердің құжаттары экономикалық сотқа жолданды, қалған 3439,1 га облыстық жер инспекциясы арқылы жұмыстар атқарылуда. (4940 га жайылымдық, 6001 га егістік, 15 га шабындық).
Мал басының саны жылдан-жылға көбеюде:
Ірі қара - 51 648 басқа, (2019 ж. 50 894),
жылқы - 28 645 басқа (2019 ж. 28 468),
қой-ешкі - 202 640 басқа жетті (2019 ж. 199 869). Оның ішінде асыл тұқымды ірі қара мал саны - 4400 бас (8,5%), қой-ешкі 11 000 (5,4%) басқа жетті.
Тірі салмақта 18 050 тонна ет, 25 848 тонна сиыр сүті өндірілді.
«МPS» ЖШС-гі Қытай Халық Республикасына 100 тн Ірі қара мал етін экспортқа шығарды. 2021 жылға 150 тн жоспарланды.
Мал басын аса қауіпті індеттерден қорғау үшін ауылшаруашылығы жануарларына ветеринариялық – профилактикалық іс-шаралары жоспарға сәйкес толығымен жүргізілді.
Бұл шараларға бюджеттен -150,3 млн теңге қаржы бөлінді.
Ауыл шаруашылық жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары: қан алу, егу, бірдейлендіру, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстары жоспарға сәйкес толығымен орындалды. Бұл жұмыстарға 18,0 млн теңге жұмсалды.
Есепті жылы аудан аумағында аса қауіпті ауру ошақтары анықталған жоқ.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
ауданда 2 333 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды. Оларда 5 087 адам жұмыспен қамтылған.
Шағын және орта бизнес субьектілері 2020 жылы 14 млрд 527 млн теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 2 млрд 716 млн теңге салық төледі. Шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салықтың көлемі жалпы бюджетке түскен түсімнің 54,5 пайызын құрады (облыс 17,8 пайыз, жалпы салық көлемі 3 млрд 445 млн теңге аудандық - 928 млн 556 мың)
Өз ісін ашуға және дамытуға 29 адам 187 млн теңге несие алса, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша 6 азамат 12,0 млн теңгенің грантын жеңіп алды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалығы – 86,2 млн теңге несие алды. (2019 жылы 3 адам 49,0 млн теңге (Қарқара, Шырғанақ,Тасашы), 2020 жылы 4 адам 37,2 млн теңге Жалаңаш-1, Қарабұлақ-2, Қарқара-1).
2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша 6 жоба мақұлданып 12,0 млн теңгенің грантын жеңіп алды (Кеген - 5 адам, Саты – 1 адам).
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 21 адам - 71,1 млн теңге несие алды
«Райымбек несие серіктестігі» арқылы 1 шаруа қожалығы (Жалаулы) 30,0 млн теңге несие алып, жұмыстарын бастады.
Туризм саласы – бұл болашағы зор,
аудан экономикасының дамуының басты бағыттарының бірі болмақ. 2020 жылы пандемияға қарамастан 83 мың турист келіп, 12,5 миллион теңгеге ақылы туристік қызметтер көрсетілді. Бюджетке 20,3 млн теңге салық түсті. Биыл жыл басынан бері 3 500 туристке ақылы қызмет көрсетілді.
2021 жылы туризмді дамытуға 5 ірі жоба іске асырылатын болады. 4 қонақтар қабылдайтын кешен, 1 панто-сауықтыру орталығы. Жобалар құны шамамен 1 млрд 210 млн теңге, 75 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде және инфроқұрылымдарды дамытуға «Мыңжылқы – Шарқұдық» жолдары жасалады, Көлсай – Қайыңды көлдеріне санитарлық-гигиеналық тораптар қойылатын болады.
ИНВЕСТИЦИЯ
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 6 млрд 110 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,6 пайызды құрады:
- республикалық бюджеттен – 777,1 млн теңге (2019 ж. 1 358,0 млн теңге),
- жергілікті бюджеттен - 3 726,0 млн теңге (2019 ж. 1 482,0 млн теңге),
- тұрғындардың жеке қаржысымен – 1 607,0 млн теңге (2019 ж. 2 694,0 млн теңге).
2021 жылы іске қосылатын инвестициялық жобаларға тоқталсам.
2021 жылы 6,5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 60 млн теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 106,1 пайызды құрады.
2 500 шаршы метр жеке тұрғындардың есебінен тұрғын үй пайдалануға берілді. (2019 ж. 2 976 шаршы метр).НКИ-82,3%
2021 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 300 млн теңгеге жоспарлануда. (Құрылыс – 2 млрд 889 млн, Жол- 1,2 млрд, ЖКХ – 211 млн.)
2021 жылға Кеген (241,2 млн. теңге), Саты (225,1 млн. теңге), ауылдарының ауылдық әкімшілік ғимаратының құрылысын салуға 466,3 млн теңге бөлінді.
Аудан өз алдына құрылғалы бері, халық санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамту өзекті мәселе болып тұр. Бұл бағытта:
Биыл 36 тұрғын үйдің құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық желілерін жүргізуге 843,5 млн теңге қаралды.
20 үйдің жобалық сметалық құжаттары дайын, қосымша 30 үйге жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.
Саты (50 үйге), Кеген (50 үйге) ауылдарынан жеке тұрғын үй салу үшін жер теліміне инфрақұрылым тарту үшін жобалық сметалық құжаттарын даярлауға 4,0 млн теңге бөлінді.
«Бақытты отбасы» бағдарламасымен 2 адамға (Кеген, Қарабұлақ) тұрғын үй сертификаты берілді.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 3 адам баспаналы болды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 45 жас маманға тұрғын үй сатып алуға 187,5 млн теңге бюджеттік несие берілді. (денсаулық саласында – 13 маман, білім саласында – 25 маман, ветеринария саласына - 2 маман, мәдениет саласына -1 маман, әлеуметтік салаға -1 маман, спорт саласына -3 маман)
65 маманға 17,3 млн теңге көтерме жәрдемақы төленді. (білім саласына - 33 маманға, денсаулық саласына -24 маманға, әлеуметтік салаға -2 маманға, спорт саласына -3 маманға, ветеринария саласына -2 маманға, мәдениет саласына – 1 маманға).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары бойынша кәсіптік даярлаудан 50 азамат өтіп, 40 бітіруші тұрақты жұмысқа орналасса, 10 азамат 5,5 млн теңге кайтарымсыз мемлекеттік грант алды.
«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге 140 азамат оқытылып, 21 азаматқа - 71,8 млн теңге шағын несие берілді.
147 азаматқа «Жаңа бизнес» идеяларын іске асыруға арналған 81 млн 572 мың теңге мемлекеттік гранттар берілді. (оқымай алған көп балалы отбасылар бар)
Жұмыссыздардан қоғамдық жұмысқа 466, әлеуметтік жұмыс орындарына 32 азаматтар тартылды.
Жастар тәжірибесіне 65 жұмыссыз азамат тартылып, оның 53-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жұмыссыз ретінде 1 733 азамат тіркеліп, оның 1 299-ы әр-түрлі еңбекпен қамту шараларына тартылды. (2019 жылы 1283 азамат)
2020 жылы 1 078 жаңа жұмыс орны ашылды. (2019 жылы 707 жұмыс орны ашылған).
- Аз қамтылған 181 отбасындағы 1 057 адамға 84 млн 182 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Қосымша басқада әлеуметтік көмек түрлері бойынша 28,5 млн теңге төленді.
- 48 отбасына - 2 млн 485 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.
- Үйден оқытылатын 39 мүмкіндігі шектеулі баланың отбасын материалдық қолдау мақсатында 2 млн 86 мың теңге жәрдемақы төленді.
- Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін 1 665 әлеуметтік сала қызметкерлеріне 23 млн 113 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
Демеушілер тарапынан 1400 отбасындағы 5 235 адамға 15,8 млн теңгеге әртүрлі қайырымдылық көмек көрсетілді.
Жұмыссыздық деңгейі -5,5%.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -28,5%
Бюджеттің атқарылуы
Аудан бюджетіне 3 млрд 445 млн теңге салық төленіп, жоспар 104,1 пайызға орындалды. (Оның ішінде: республикалық бюджетке – 2 млрд 38 млн теңге түсіріліп, орындалуы 100,0%.
облыстық бюджетке 478 млн 921 мың теңге (орындалуы 113,1 %),
аудандық бюджетке 928 млн 556 мың теңге (орындалуы 109,5%).
2021 жылға бюджетке түсетін түсім 3 млрд 700 млн теңге мөлшерінде белгіленді.
Шығыстар бойынша аудан бюджеті 12 млрд 508 млн теңгені құрап, 99,8 %-ға игерілді.
Бюджеттің 56 пайызы, яғни 7,0 млрд теңге әлеуметтік салаға бағытталған, оның ішінде: білім беру саласына 6,4 млрд теңге бөлінген.
2021 жылға аудан бюджетінің шығыс бөлігі - 7 млрд 880 млн теңге болып белгіленді.
«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Дағдарысқа қарсы халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында қабылдаған «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызда 3 млрд 657 млн теңгеге 49 жоба жүзеге асырылды, 42 жоба толығымен аяқталды. Қалған 7 жоба 2021 жылдың мамыр айында іске қосылады. Осы бағдарлама негізінде 420 жұмыс орыны ашылды. (2-мектеп, 3 ауылдың жолдары, 1 ауыз су жүйелерін тарту, санитарлық тораптар орнату)
Білім саласы
Аудандағы 32 мектепте 5 414 оқушы білім алуда, 981 ұстаз еңбек етуде. 22 мектеп - штаттық режимде, 10-ы - қашықтықтан оқытылуда (21 орта, 4 негізгі орта, 7 бастауыш, 1 - өнер мектебі, 1 - оқу өндірістік комбинаты, 1 - колледж, 3 - мемлекеттік және 6 - жекеменшік балабақша жұмыс жасайды).
2019-2020 оқу жылындағы білім сапасы 67,2 пайызды құрады. (облыс 62,5)
Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 97,8 балды құрады. (242 түлек)
Жалпы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші – 98,3% құрауда. (3 - мемлекеттік және 6 - жекеменшік балабақша бар)
238 оқушы 6 елді мекеннен тасымалданып оқытылады. Олар: (Туменбай, Алғабас, Мойнақ, Көкпияз, Кіші - Қарқара, Тасашы).
Амандық Ғаббасұлы, Өзіңіздің қолдауыңызбен Балаларды мектепке тасымалдау үшін 80 млн теңгеге 6 автокөлік сатып алынды. (45 млн 255 мың теңгеге - 4 Газель, 34,7 млн теңгеге 2 автобус)
32 мектеп кең жолақты Интернет желісіне қосылған. (11 мектеп Мегалайн, 21 мектеп спутниктік)
Қашықтықтан оқытуға байланысты 92,6 млн теңгеге - 1119 дана компьютер сатып алынып мектептерге берілді. (1 компьютерге 3 баладан келеді).
Бүгінде 9 – IT сыныптары жұмыс жасауда.
2019-2020 оқу жылында білім сапасын көтеруге мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 272,0 млн теңге қаражат бөлінді.
«Ауыл Ел –бесігі» бағдарламасымен Шырғанақ ауылындағы Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектепке 666,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.
- Саты ауылындағы Айтжан Түркебаев атындағы орта мектептің асханасы мен акті және спорт залдарына жапсарлама құрылыс жұмыстарын жүргізуге 358,0 млн теңге бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
- Жылысай ауылындағы Майлы Орманов атындағы орта мектебіне 503,8 млн теңгеге және 90 балаға арналған балабақшаға 233 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Жалаңаш ауылындағы Сәрсенбай Бейсембетұлы атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге 267 млн теңге,
- Күрметі ауылындағы Әужан Ниязбеков атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге 292,4 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары 95 пайыз жүргізілді, 2021 жылы толық аяқталады.
- Аудандағы 27 мектебіне 83,9 млн теңгеге ішкі дәретханалар салынып, пайдалануға берілді.
Денсаулық сақтау саласында
аудан бойынша 28 нысанда 61 дәрігер жұмыс жасауда. (орта буынды медициналық қызметкерлер – 285)
2020 жылы сала 9 жоғары білімді дәрігермен толықты (2019 -7 дәрігер келген). 2021 жылға 4 дәрігер қабылданды.
Дәрігерлерге Кеген ауылынан 11 млн теңгеге 2 тұрғын үй сатып алынып берілді.
Коронавирустық жұқпа пандемиясының бірінші кезеңінде ауданымызда 60 төсектік провизорлық бөлімше жұмыс істеп, 200 ге жуық медициналық қызметкерлер жұмылдырылды. 289 науқас стационарлық ем қабылдады. Тұрғындардан 3 709 ПТР талдамасы алынып, 87-сі оң нәтиже көрсетті.
Қазіргі кезде 90 төсек, 2 айлық дәрі, 3 айлық қорғаныш заттарының қоры дайындалды.
Демеушілер көмегімен 4 көп функционалды төсек, 2 монитор, 18 оттегі концентраторы, 26 пульсоксиметр алынды.
Бюджеттен 300,0 млн теңгеге – заманауи медициналық жабдықтар, яғни жылжымалы стационарлық рентген аппараты т.б. жабдықтар алынды. (1-медициналық ультрадыбыстық диагностикалық аппарат, 4-өкпені жасанды желдету аппараты, 1- газ анализаторы,1-тамыр детекторы),
196 млн теңгеге 2 медициналық автокөліктер 1 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. (9 млн теңгеге 1 - «Дамас», 29 млн 780 мың теңгеге - 1- «Соболь», 156 млн 700 мың теңгеге 1- жылжымалы медициналық кешен).
Орталық ауруханаға 57,6 млн теңгеге оттегі станциясы орнатылды.
Аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейі тұрақты. 7 сәби өлімі орын алды. Ана өлімі тіркелген жоқ.
Ауданда 13 мониторингтік топ құрылып, Карантиндік шараларын сақтау бойынша 257 рейд ұйымдастырып, 50 заң бұзушылық анықтап, 2,3 млн теңге айыппұл салынды. Бұның сыртында аудандық аурухана базасында мониторингтік және мобильдік топтар жұмысын үйлестіретін орталық ашылып, өз жұмыстарын атқаруда. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Мәдениет саласында
Ұзынбұлақ ауылының мәдениет үйіне 351 млн теңге, Тасашы ауылының мәдениет үйіне 212 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бұның сыртында мәдениет үйлерінің, кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 57 млн теңге бөлінді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы
Аудан халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету деңгейі 2020 жылы 91 пайызды құрады (2019 жылы- 88,2 пайыз). (Су құбырларының ұзындығы 221 шақырым, 57 шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет)
2019 жылы басталған Кеген, Тұйық ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. (Кеген – 293 млн. 2019 жылға -143 млн, 2020 жылға -150 млн, Тұйық – 394 млн, 2019 -50 млн, 2020 жылға – 344 млн)
Алғабас ауылының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғыртуға (21,6 шақырымға) 450 млн теңге бөлініп, 70 пайыз жұмыс атқарылды, Жоба 2021 жылы аяқталады. (259 млн теңге игерілді, 15 шақырым жүргізілді. Келісім шарт қыркүйек айының 15 күні жасалған. Жоба бойынша құрылыс ұзақтығы -7 ай).
Бөлексаз ауылында «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыз су жүйесіне 413 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 63 пайыз жұмыс атқарылды. Жоба 2021 жылы аяқталады. (210 млн теңге игерілді, 7,6 шақырым тартылды).
- Кіші Қарқара (30,0 млн теңге),
ауылдарының ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
А.Нүсіпбеков (725,0 млн- 20,1 км), Қарабұлақ (359,0 млн-7,9 км) Ақтасты (210 млн-6,8 км) ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы күтілуде.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 25,7 млн теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды
2021 жылға осы бағдарлама бойынша 25,6 млн теңге қаралды, елді мекендердің қажеттіліктеріне қарай жобалар іске асырылатын болады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 7 ауылда 40,0 млн теңгеге 12,4 шақырымға 355 жарықтандыру бағаналары орнатылды.
- Аудан орталығында арық жүйесін салуға, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға, Жастар саябағын ағымдағы жөндеуден өткізуге, саябақ салу жұмыстарына - 128 млн теңге бөлініп, толық игерілді.
- Көлсай-Қайыңды көлдері аумағына санитарлық-гигиеналық тораптар салу жұмыстарына 84,0 млн теңге бөлініп, 2021 жылы толық аяқтау жоспарлануда.
Биылғы жылы 4 ауылда Стрит Воркаут спорт алаңын салуға 12,6 млн теңге бөлінді.
Автокөлік жолдары бойынша ауданда:
- 215 шақырым - Республикалық маңызы бар,
2020 жылы 1 млрд 461 млн теңге бөлініп, 62,7 шақырым ауыл ішілік жолға орташа және ағымдағы жөндеу, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.
(Оның ішінде:
Кеген ауылына – 255,9 млн.теңге,
Жалаңаш ауылына – 349,2 млн теңге,
Жылысай ауылына – 164,0 млн теңге,
Тоғызбұлақ ауылына – 35,6 млн теңге,
Ақсай ауылына – 109,0 млн теңгеге,
Саты ауылына – 42,8 млн теңге,
Шырғанақ ауылына - 22,4 млн теңге,
Темірлік ауылына 6,9 млн теңге).
Аудандағы елді мекендердің жол белгілері жаңартылып, Кеген ауылында жол қауыпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында LED экран орнатылды. (жалпы 26,9 млн теңгеге)
Туризмді дамыту мақсатында Мыңжылқы жолына 413,1 млн теңге бөлініп, 12 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылға ауылдардың ішкі көше жолдарын орташа жөндеуден өткізуге «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 803,7 млн теңге бөлінді:
Жылысай ауылына - 169,8 млн теңге,
Қарқара ауылына - 271,6 млн теңге,
Жалаңаш ауылына - 362,3 млн теңге.
Бұның сыртында Кеген, Тоғызбұлақ, Тұйық, Тасашы ауылдарының ішкі жолдарына жалпы құны 1,2 млрд болатын 4 жобаға 182,2 млн бөлініп, жұмыстары жүргізіледі.
Олар:
Кеген ауылына - 50,0 млн теңге (жоба құны - 354,9 млн),
Тоғызбұлақ ауылына - 32,2 млн теңге (жоба құны-365 млн),
Тұйық ауылына – 50,0 млн (жоба құны-287 млн) теңге,
Тасашы ауылына – 50,0 млн теңге (жоба құны – 215 млн) бөлінді.
Сондай-ақ, 2020 жылы облыстық маңызы бар - Кеген-Жалаңаш жолының 5 шақырымына 158,0 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ҚЫЛМЫС
Құқық қорғау саласы бойынша Есепті жылы 95 қылмыс тіркелген немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 48,9%-ға төмендеді. 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 8 адам қайтыс болды, 39-ы дене жарақатын алды. Қылмыстың ашылу деңгейі 20,7% төмендеді. Бұл жөнінде нақты шаралар қабылданатын болады.
Алайда, ауыр және өте ауыр қылмыс 12/28, (2,3 есеге өскен), оның ішінде: ауыр қылмыс 12/26, (2,2 есеге өскен), өте ауыр қылмыс 0/2 өскен.
Бөтеннің мүлкін ұрлау 63/34, (46,0 пайызға төмендеген). Оның ішінде: мал ұрлығы 25/16 (36,0 пайызға төмендеген).
Құрметті Амандық Ғаббасұлы!
Құрметті тыңдаушылар!
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Былтырғы есеп беру кездесулерінде көтерілген 31 ұсыныс толық жүзеге асты.
12 ауылдық округ тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Биылғы жылы да ауданымызда Экономика, әлеуметтік сала, экология, туризм саласындағы жүйелі шаралардың көлемді кешенін іске асыруды жалғастыратын боламыз, тұрақтылық пен татулықты ту етіп, ауданымыздың болашағы, ұрпақ келешегі үшін аянбай еңбек ету біздің басты ұстанымымыз болмақ.
Баяндама аяқталды.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет!