Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама міндетті түрде қажет. Бұл анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады.
Төменде нұсқаулық көрсетілген. eGov.kz портал арқылы:
- Сізге ыңғайлы тәсілмен порталда авторизациядан өтіңіз
- «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін ашыңыз
- «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
- Аударымдар туралы анықтама қандай уақыт кезеңі үшін қажет екенін көрсетіңіз
- ЭЦҚ арқылы қызметке қол қойыңыз және анықтама 20 минут ішінде дайын болады.
eGov mobile қосымшасы арқылы:
- Қосымшаға кіріп, тіркеліңіз
- «Қызметтер» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін табыңыз
- Содан кейін «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз
- Қажетті кезеңді көрсетіңіз
- ЭЦҚ немесе СМС көмегімен қызметке қол қойыңыз, анықтама 4 сағат ішінде дайын болады.
@Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-бот арқылы:
- @Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-ботын табыңыз
- Мәзірден «Қызметтер» бөлімін таңдаңыз
- Содан кейін мессенджер арқылы «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табысты ескере отырып)» бөлімін таңдаңыз
- Өз атыңызды жіберіңіз
- Телефон нөміріңізді жіберіңіз
- Қажетті кезеңді көрсетіңіз
- SMS арқылы сізге келетін кодты жіберіңіз
- Бірнеше минут ішінде анықтама дайын болады. Сіз оны жүктей аласыз немесе поштаңызға бағыттай аласыз.