Меню

Страницы

Статья

ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІ ЖАЛҒАСУДА!

Өрт қауіпті кезеңде өрттерді алдын алу мақсатында қырағылық көрсету және отпен шектік сақтықты сақтау қажет.

Өрт қауіпті кезеңде ормандарда:

-қылқан жапырақты жас шыбықтарда, күйіктерде, зақымдалған орман учаскелерінде, ағаш кесу орындарында (кеспеағаштарда), кесілген ағаш және дайындалған сүрек қалдықтарынан тазартылмаған, қураған шөптері бар жерлерде, сондай-ақ ағаштар тәждерінің астында от жағуға;

-жанып жатқан сіріңкелерді, темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді және қалдықтарды, шыны (шыны бөтелкелер, банкалар және т.б.) лақтыруға;

-аң аулау кезінде жанғыш немесе бықсыған материалдардан жасалған шаңды пайдалануға;

-майланған немесе бензинмен, керосинмен немесе басқа да жанғыш заттармен сіңірілген материалдарды (қағаз, мата, талшық, мақта және т.б.) ол үшін арнайы көзделмеген жерлерде қалдыруға;

-қозғалтқыш жұмыс істеген кезде автомашиналардың жанармай бактарына жанар май құюға, қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі ақаулы машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар май құйылатын машиналарға жақын жерде темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға;

-орманды тұрмыстық, құрылыс өнеркәсіп және өзге де қалдықтармен және қоқыспен ластауға;

-ормандарға, қорғаныштық және көгалдандыру екпелеріне тікелей жанасатын жер учаскелеріндегі шөпті тұрақты бақылаусыз жағуға тыйым салынады.

Ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын біле және қатаң сақтай отырып, орман өрттерінің алдын алуға немесе санын қысқартуға болады! Егерде орман немесе дала аймағында өртті немесе жануды байқасаңыз дереу «101» немесе «112» телефон номеріне хабарласыңыз!

Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Ақпарат
14 октября 2026
Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Instagram
VK
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы