Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Кеген ауданы аумағында балалардың отпен ойнауынан 2 өрт оқиғасы орын алды .
Барлық білім беру мекемелері крантинге жабылу себебінен балалардың отпен ойнауын болдырмау мақсатында Кеген ауданынң Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күнделікті Instagram парақшасында тікелей эфирлер жүргізеді. Осыған орай ата-аналар әрқашанда балаларға өрттің зияндылығы мен шығыны туралы түсіндірме жұмыстарын өткізу керек.
Балаларыңыздың ең басты назар аударатын нәрсесі, ол өрт болған жағдайда мінез-құлық ережелері:
Әрбір бала өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуі тиіс. Ең бастысы балаларыңыз өрт қауіпсіздігі ережелерін, отпен ойнамау керектегін білу тиіс. Бұл әрбір отбасының міндеті мен парызы.