Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына «Көлік тарихы» жаңа сервисін енгізді.

    Жаңа сервис азаматтарға Қазақстанда тіркелген көлік құралдары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұнда автокөліктің тіркелуі, тыйым салулар мен кепілдіктердің болуы, әкімшілік айыппұлдар, кедендік рәсімдер, утилизациялық алымның төленуі, ерекше белгілер мен берілген техпаспорттар жөніндегі мәліметтер қамтылады.

    Бұл мүмкіндік көлікті сатып алу кезінде жасырын мәселелерді алдын ала анықтап, тәуекелдерді азайтуға және автокөліктің заң жүзінде «таза» екеніне көз жеткізуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, сервис мәмілелердің ашықтығын арттырып, автонарықтағы алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді.

     Ақпарат алу үшін азаматқа көліктің VIN-кодын енгізу жеткілікті. Осылайша, есеп мемлекеттік деректер қорынан алынатын мәліметтердің негізінде нақты уақыт режимінде жасалады.

       Маңыздысы, сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы тіркелгеннен кейін қолжетімді.

      Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.

      «Көлік тарихы» сервисінің іске қосылуы – азаматтар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты анағұрлым ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз ететін маңызды қадам.

Дата публикации
22 сентября 2025
Дата обновления
22 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Ақпарат
14 октября 2026
Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Instagram
VK
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы