Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының тұрғындарына 1200-ге жуық ХҚКО қызметі үйде көрсетілген

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

 

 

Алматы облысының тұрғындарына 1200-ге жуық ХҚКО қызметі үйде көрсетілген

 

2024 жылдың 7 айында Алматы  облысының тұрғындары «Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақырту» қызметін 1200-ден астам рет пайдаланған.

Бұл қызметті ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілген тұлғалар пайдалана алады. 

ХҚКО қызметкерін шақырту үшін 1414 телефоны бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өтініш қалдыру қажет. Оператор қажетті қызмет түрін және қызметті көрсетудің қолайлы уақытын анықтайды.

Айта кетелік, үйде көрсетілетін қызметке облыста көбіне электрондық цифрлық қолтаңбаны алу және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жүгінген.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қызмет ала алады, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала кезекке жазыла алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Дата публикации
09 августа 2024
Дата обновления
09 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Ақпарат
14 октября 2026
Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Instagram
VK
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы