АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
"БЖЗҚ" АҚ-да " Ашық есік күні"
"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 15 наурызда "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбында "Ашық есік күнін"өткізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Оған базалық және ортақы зейнетақылар, сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасатын зейнетақы төлемдері кіреді.
Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға 2024 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ) жаңа құрамдауышын - зейнетақыларының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей тәуелді болатын қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қолдауға бағытталған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу туралы айтып береді.
Іс-шараға қатысушылар ЖМЗЖ мөлшері неге байланысты болатынын, сондай-ақ, жұмыс берушіге жүктеменің қалай теңгерілгенін және ол үшін қандай салық жеңілдіктері қарастырылғанынан хабардар болады. Қор қызметкерлері ЖМЗЖ-ны қалай дұрыс және нақты кім үшін төлеу керектігін, сондай-ақ, жарналардың басқа түрлерінен қандай айырмашылығы бар екені туралы түсіндіреді.
Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ, БАҚ өкілдері шақырылады. Аталмыш шара Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялауға тартылған жұмыс берушілерге де, журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Сізден сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:
10.00 -11.00 орыс тілінде өтеді.
Уақыты мен күні: бейсенбі, 15 наурыз 2024ж. 10:00 (UTC+05:00) Астана
Еvent-кездесу нөмірі: 2516 795 4302
Еvent-кездесу құпиясөзі: 10152024
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
https://enpf.webex.com/weblink/register/rbdee96bc1b5ad208625037e304645525
12.00 -13.00 мемлекеттік тілде өтеді.
Уақыты мен күні: бейсенбі, 15 наурыз 2024ж. 12:00| (UTC+05:00) Астана
Еvent-кездесу нөмірі: 2518 512 9224
Еvent-кездесу құпиясөзі: 12152024
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
https://enpf.webex.com/weblink/register/rd8241f9ae662f11d0efe693295e45aa4
14.00 -15.00 орыс тілінде өтеді.
Уақыты мен күні: бейсенбі, 15 наурыз 2024ж. 14:00| (UTC+05:00) Астана
Еvent-кездесу нөмірі: 2516 517 5210
Еvent-кездесу құпиясөзі: 14152024
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
https://enpf.webex.com/weblink/register/ra90ad20dfb9944269844143128811436
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).