Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты, жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84, 85 баптарын, Казақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- және 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылы 01 наурыздагы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауын басшылыққа ала отырып, сонымен қaтap Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 31 наурыздағы №47-4/262 хатына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 31 наурыздағы №47-4/262 хатына сәйкес, меншік иелері мен мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін, оның ішінде сатып алу жолымен мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарылатыны туралы, жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғаларын, осы қаулының жария ету мерзімінен бастап күнтізбелік 3 күн аралығында жазбаша түрде хабарлауы қажет, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа қажетті шаралар қолдансын.
- Жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғалары келісу тәртібін жүзеге асыру үшін, үндеу орны: Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №19. Маслихат ғимараты 2 қабат, №41 кабинет.
- Осы қаулы мемлекеттік тіркеу органында тіркеуден өткізілсін.
- Осы қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Теңізбаев