Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 11-52 «Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 11-52 «Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

            Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 11-52 «Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

7-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацындағы «айына 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «табысы есепке алынбай айына 3 (үш)  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған әлеуметтік көмек;» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақ алынып тасталсын;

9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

  1. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні



Дата публикации
17 марта 2026