Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты, жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84, 85 баптарын, Казақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- және 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылы 01 наурыздагы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауын басшылыққа ала отырып, сонымен қaтap «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2026 жылғы 24 ақпандағы №18-01/18-03/203-И хатын және ұсынылған құжаттарды қарай келе отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2019 жылғы 2 наурыздағы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. М. Қасымбектің төрағалығымен өткен Кеңестің және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярдың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы отырысының 2019 жылғы 25 қазандағы және ҚР Президентінің кеңесшісінің төрағалығымен 2025 жылғы
- 1 қазанда өткен Кеңестің хаттамалық шешімдеріне сәйкес, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Кеген» шекаралық автомобиль өткелі пунктін қайта жаңарту және жаңғырту» жобасы мақсатында, №1 қосымшаға және картографиялық құжаттарға сәйкес, меншік иелері мен мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін, оның ішінде сатып алу жолымен мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын (№1 қосымшасы тіркелді ).
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарылатыны туралы, жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғаларын, осы қаулының жария ету мерзімінен бастап күнтізбелік 3 күн аралығында жазбаша түрде хабарлауы қажет, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа қажетті шаралар қолдансын.
- Жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғалары келісу тәртібін жүзеге асыру үшін, үндеу орны: Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №19. Маслихат ғимараты 2 қабат, №41 кабинет.
- Осы қаулы мемлекеттік тіркеу органында тіркеуден өткізілсін.
- Осы қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Теңізбаев
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін
мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау
туралы аудан әкімінің қаулысына қосымша
|
№
|
Жер пайдаланушылар
|
Кадастр №
|
Жер көлемі
|
Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер көлемі
|
|
1
|
Мейрманов Мергенбай
|
03-323-152-195
|
350,000 га
|
4,9 га
|
|
2
|
Сембаев Коммунар
|
03-323-152-524
|
1,2000 га
|
1,2000 га
|
|
3
|
«Park Canyon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
03-323-152-528
|
5,0000 га
|
1,4000 га
|
|
4
|
«Колсай Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
03-323-152-444
|
70,0000 га
|
1,1000 га
|