Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

         Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84, 85 баптарын, Казақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- және 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылы 01 наурыздагы №413-IV «Мемлекеттік мулік туралы» Заңының 6 тарауын басшылыққа ала отырып, сонымен қaтap «Кеген ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 18 қазандағы №28-09/456 саңды хатына қарай отырып, аудан акімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кеген ауылының даму жоспарына сәйкес, құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында, №1 қосымшаға және картографиялық құжаттарға сәйкес, меншік иелері мен мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін, оның ішінде сатып алу жолымен мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын (№1 қосымшасы тіркелді ).
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Кеген ауданының жер қатынастары бөлімі мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарылатыны туралы, жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғаларын, осы қаулының жария ету мерзімінен бастап күнтізбелік 3 күн аралығында жазбаша түрде хабарлауы қажет, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа қажетті шаралар қолдансын.
  4. Жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғалары келісу тәртібін жүзеге асыру үшін, үндеу орны: Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №19. Маслихат ғимараты 2 қабат, №41 кабинет.
  5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеу органында тіркеуден өткізілсін.
  6. Осы қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

 

     Аудан әкімі                                                  Н. Теңізбаев

 Аудан әкімінің

«___» қаңтардағы 2026 жылғы

№       қаулысының                                      1 қосымшасы

№

Аты -жөні

Кадастрлық нөмері

Нысаналы мақсаты

 

Жер

көлемі га

Мекен-жайы

1

Жакелбаев Алим Болатжанович

03-050-120-079

Автотұрақ және ТЖО орналастыруға

0,1180

Кеген ауылы, Райымбек көшесі, құрылыс №37А

2

Жанұзақов Еркебұлан Мұратұлы

03-050-120-1738

Халыққа техникалық қызмет көрсету орталығы және дүкен- обьектілеріне қызмет көрсету

0,0200

Кеген ауылы,Түп н/ж

 

3

Қаспақбай Марат Сартбайұлы

03-050-119-026-

Обьектіге қызмет көрсету

0,0160

Кеген ауылы, Райымбек көшесі №1 Б

Дата публикации
30 января 2026