|
Мемлекеттік әлеуметтік |
|
|
|
|
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу |
2 000 000, 00 |
Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР заңдары; Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған даму стратегиясы; уәкілетті мемлекеттік органның салалық бағдарламалары |
оқушылар мен жастар, мұғалімдер, ауыл тұрғындары |
Білім беру және спорттық инфрақұрылымға қолжетімділікті арттыру; білім сапасы мен ғылыми әлеуеттің өсуі; салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесінің арт |
|
2 |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу |
1 500 000,00 |
«Неке (ерлі‑зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі; «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» ҚР Заңы; Демографиялық саясат тұжырымдамасы |
көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, әйелдер, жастар, ауыл тұрғындары |
Отбасы институтын нығайту; гендерлік теңдікті ілгерілету; әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған отбасылар санының артуы; |
|
3 |
Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту |
1 500 000,00 |
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы нормативтік құқықтық актілер; Ұлттық бірлік тұжырымдамасы; мемлекеттік ішкі саясат бағдарламалары |
этномәдени бірлестіктер, азаматтық қоғам институттары, жастар, ауыл тұрғындары |
қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау; этносаралық және конфессияаралық татулық деңгейінің артуы; қоғамдық диалогты дамыту |
|
4 |
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау |
2 000 000, 00 |
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңы; «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңнамасы; әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар |
Мүгедектігі бар адамдар, қарттар, жетім балалар, аз қамтылған азаматтар |
Әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті кеңейту; өмір сүру сапасын жақсарту; әлеуметтік бейімделу деңгейінің артуы |
2026 жылғы «20» қаңтардағы жағдайы бойынша