«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Алматы облысы Кеген ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 06 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулықсақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Алматы облысы Кеген ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 06 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 6 қараша 2014 жылғы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Қағидаларының                 № 6 тармағына сәйкес,  аудан әкімдігі    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ауылдық  елді  мекендерге  жұмыс істеуге және тұруға  келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Алматы облысы Кеген ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 03 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер енгізілсін.
  2. Кеген ауданы бойынша 2025 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі №1 қосымшаға сәйкес қайта қалыптастырылсын.
  3. Осы қаулыдан туындайтын міндеттерді орындау Кеген ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жомарт Серікжанұлы Дүкембаевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Қанат Әуесханұлы Бектеновқа жүктелсін.

Кеген ауданы әкімі                                                               Н.Теңізбаев

Дата публикации
30 октября 2025