Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламанттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік
қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
-көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Қызметті беруші туралы мәлімет:
Кеген ауданыныңи «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен жайы: индексі 041400, Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 19.
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру
және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 1 түрлі қызмет көрсетілді:
"Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру -12;
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, барлығы – 12
Оның ішінде:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарында ілінген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын
қамтамасыз ету үшін халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, газеттерге
мақалалар жариялануда.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен регламенттер жазылған
стендтер, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар.
Уақытында жаңартылып тұрады. Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің тәртібі туралы халықты ақпараттандыру мақсатында: 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен көрсетілетін мемлекеттік
қызметткердің электронды түрде көрсетілуі туралы халықты ақпараттандыру
мақсатында 2 дөңгелек үстел, «Қарқара» газетінде 2 мақала, сонымен қатар
2 семинар, 2 ашық есік күні өткізілді.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда ауылдық округтерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері, мемлекеттік қызметті алу жөнінде нұсқаулықтары мен жалпы мәселелер орналасқан.
Қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген мерзімдері бұзылғаны мен азаматтардан түскен шағым болған жоқ.
Бөлім басшысы Қ. Бектенов
@.М. Апендиев
(.8/72777/- 2-15-06