ЖОБА
Кеген ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1), 3)-тармақтары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Кеген ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Кеген ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
- Кеген ауданы әкімінің «Кеген ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 25 шешімінің күші жойылған болып танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Шәлдибеков Азамат Ғалымұлына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Кеген ауданының әкімі
|
|
Н. Теңізбаев
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Кеген ауданының сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Әлдибеков
«___»______2025 жыл.