Кеген ауданының дауыс беру және дауыстарды санау үшін құрылған
№ 564 сайлау учаскесінің орталығын уақытша ауыстыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңының 37 бабына сәйкес және № 564 сайлау учаскесі орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге байланысты Кеген ауданының әкімі ШЕШТІ:
- Жаңа Тасашы ауылы, Райымбек көшесі № 7, «Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекенжайында орналасқан № 564 сайлау учаскесінің орталығы Жаңа Тасашы ауылы, Райымбек көшесі № 6, «Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекенжайына уақытша ауыстырылсын.
- Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясына сайлау учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпарат №564 сайлау учаскесі сайлаушыларының назарына жеткізілсін.
- Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында және Кеген ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Шәлдибековке жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Теңізбаев