Алматы облысы Кеген ауданының Қарқара ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы

 

Алматы облысы  Кеген ауданының  Қарқара

ауылдық  округінің  әкімін  сайлау бойынша аумақтық

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                           28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының                      14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылдық округінің шекарасында Кеген ауданы Қарқара ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі  құрылсын.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және         Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға                                                      Е. Әлдибеков

 

Хатшы                                                      Е. Нұрмаманқызы

 

 

 

Кеген ауылы,

2024 жылғы 07 тамыз

№ 16 қаулы

 

 

Алматы облысы Кеген ауданының Қарқара ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы
Дата публикации
07 августа 2024