Кеген аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Кеген аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобының аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Кеген аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

           2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

           3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттар ұсынады:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңес құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің  3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

                Құжаттарды тапсыру мерзімі – осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады.

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Кеген аудандық қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Кеген аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы: Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Райымбек көшесі, № 10, индекс 041400.

Электронды поштаның мекен-жайы – kegen_maslinat@mail.ru

тел.87086701907

Дата публикации
11 июля 2024