Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж заматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 қазандағы № 11-52 шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

ЖОБА

 

 

Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданының әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж заматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 қазандағы

№ 11-52 шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2023 жылғы 30 маусымдағы            № 523 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 қазандағы № 11-52 (Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қазанда № 6043-05 болып тіркелген) шешiмiне келесі өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген шешіммен бекітілген Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарыны тізбесін айқындау қағидаларының 2 тармағының 1)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 



Дата публикации
02 мая 2024