Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

 -Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсыну;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат беру;

-көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдау.

Қызметті беруші туралы мәлімет:       

Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 041400, Алматы облысы, Кеген  ауданы, Кеген ауылы, Б. Момышұлы  көшесі №19.

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы 1 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, барлығы - 208.

1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту –208 жоба ;

Оның ішінде:

Қағаз түрінде (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтерді қоспағанда) – 0;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде –0;

  • Электронды түрде (egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы

«www.elicence.kz») арқылы-208; 

          Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

          Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратында көрнекті ақпарат құралдарында ілінген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жеке азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

          Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен  қағидалар, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар. Уақытында жаңартылып тұрады.

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, қағидалары мемлекеттік қызметті алу жөнінде нұсқаулықтары мен жалпы мәселелер орналасқан.

Қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген мерзімдері бұзылғаны мен азаматтардан түскен шағым болған жоқ.                 

 

Бөлім басшысы                                           Б. Чалгинбеков

 

 

?  А. Берікқызы

( 8/72777/2-22-89

Дата публикации
26 апреля 2024