Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;
-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен «өзіне –өзі қызмет көрсету» бұрыштарында қызмет алу туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынады;
-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
-корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Мекемеде 2023 жылы 16 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді, олардың жалпы саны -1387:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау-399;
Тұрғын үй көмегін тағайындау-111;
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау-32;
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу-16;
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу - 139;
Мүгедектерді техникалық-көмекші (өтемдік) құралдармен қамтамасыз ету бойынша құжаттарды ресімдеу -150;
Мүгедектерді жүріп тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 25;
Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету - 76;
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу - 1;
Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу – жылына алпыс сағат- 0;
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу-18;
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу -32;
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру -1;
Ақталған адамға куәлік беру -1;
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру -298;
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруді ұзарту -88.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, барлығы –1387.
Оның ішінде:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кеңсесінде көрсетілетін қызметтердің стандарттарына қағаз тасығыштармен қатар QR-кодтары арқылы қол жеткізуге жағдай жасайтын арнаулы тақта, көрсетілетін қызметтер, өтініш беру тәртібі жайлы көрнекі тақталар ілінген. Көрсетілетін қызметтерді әлектронды түрде алу үшін өзіне-өзі қызмет ету бұрышы қалыптастырылып, арнаулы компьютер, басу құралы, интернет-ресурстарға қол жетімділік ұйымдастырылған. Әлеуметтік желілерде де бөлім мамандарымен атқарылған жұмыстар, әлеуметтік көмек түрлерін алу, өтініш беру жайлы нұсқаулықтар үнемі жарияланып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Аудандық «Qarqara» газетінде жыл бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жайлы, бөлімнен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу немесе өтініш беру заңдылықтарына енгізілген өзгерістер жайлы, мемлекеттік қызметтер көрсетуде басшылыққа алынатын көрсеткіштер жайлы мақалалар жарияланды.
Бөлімнің инстаграм парақшасында:
Мекеме басшысы Оразова Бибігүл Айтжанқызы тікелей эфирде қабылдаулар жүргізді.
Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен әлеуметтік көмек түрлерінің тағайындалу тәртібі жайында жарияланымдар берілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген мерзімдері бұзылғаны мен азаматтардан түскен шағым болған жоқ.
Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі »
мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Оразова