«Кеген ауданы әкімі аппараты » мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Кеген  ауданы әкімі аппараты »   мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Кеген ауданы әкімі аппараты »   мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету   сұрақтары   бойынша негізгі бағыттары:

 -мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін     арттырады;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

-көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

Қызметті беруші туралы мәлімет:       

«Кеген ауданы әкімінің аппараты »   мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 041400, Алматы облысы, Кеген  ауданы,  Кеген  ауылы,   Б. Момышұлы  көшесі №9.

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

      «Кеген ауданы әкімі аппараты»   мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы        6  түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 22;
  • Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға

рұқсат беру – 2;

  • Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға

түпкілікті шешім беру – 0;

  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап

етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 12

  • Әскерге шақыруды кейінге қалдыру - 50
  • Азаматтарды әскерги қызметке шақырудан босату- 4

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, барлығы - 90.

Оның ішінде:  

  • Қағаз түрінде (мемлекеттік корпорация      арқылы           көрсетілген

қызметтерді қоспағанда) – 0;

  • Мемлекеттік көрсетілетін     қызметтерді    "электрондық үкімет" веб-

порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз       түрінде –3;

  • Электронды түрде  мемлекеттік  қызмет     көрсетушінің     ақпараттық

жүйелері арқылы-0; 

  • «Электрондық үкіметтің» веб-порталы -33;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы- 54.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

          «Кеген ауданы әкімі аппараты »   мемлекеттік мекемесі ғимаратында көрнекті ақпарат құралдарында ілінген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жеке азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

          Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен  қағидалар, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар. Уақытында жаңартылып тұрады.

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында  жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, қағидалары мемлекеттік қызметті алу жөнінде нұсқаулықтары мен жалпы мәселелер орналасқан.

Қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген мерзімдері бұзылғаны мен азаматтардан түскен шағым болған жоқ.                 

 

Аппарат басшысы                                                             А. Шәлдибеков

 

 

? Д. Секікбекұлы

( 8/72777/2-11-75

Дата публикации
26 апреля 2024